29 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №431

401 рет
көрсетілді
26 мин
оқу үшін
2014 жылғы 4 мамыр,  Астана, Үкімет Үйі «Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №64 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №16, 193-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы»; 2) кіріспесі мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 44-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі; 2) тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі; 3) Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу қағидалары бекітілсін.»; 3) 2-тармақ алынып тасталсын; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 5) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 6) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу қағидасы осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №431 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар Бизнес сәйкестендіру нөмірі 1 2 1. «Қазақ соқырлар қоғамының Ақмола оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 980140003595 2. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Көкшетау оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 021040001300 3. «Қазақ соқырлар қоғамының Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 920440000055 4. «Қазақ соқырлар қоғамының № 1 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 941140001019 5. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің № 2 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 990740001939 6. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 041240007053 7. «Қазақ соқырлар қоғамының Қаскелең оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 941140001564 8. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Талғар оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 990640000461 9. «З.Б.Бейсеков атындағы Қазақ соқырлар қоғамының «Спутник» демалыс үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100440014738 10. «Қазақ соқырлар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 950140001216 11. «Қазақ соқырлар қоғамының Семей оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100240020418 12. «Қазақ соқырлар қоғамының Өскемен оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 940340000045 13. «Қазақ соқырлар қоғамының Шемонаиха оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 490940000011 14. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 611040000049 15. «Қазақ соқырлар қоғамының Орал оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 050640005368 16. «Қазақ соқырлар қоғамының Балқаш оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 920240000761 17. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 990540003006 18. «Қазақ соқырлар қоғамының Сәтпаев оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 930240000486 19. «Қазақ соқырлар қоғамының Қостанай оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 071040005134 20. «Қазақ соқырлар қоғамының Рудный оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 011040003880 21. «Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 990340000014 22. «Қазақ соқырлар қоғамының Ақтау оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 941240000321 23. «Қазақ соқырлар қоғамының Павлодар оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 940940000453 24. «Қазақ соқырлар қоғамының Екібастұз оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 940740001325 25. «Қазақ соқырлар қоғамының Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 941240001469 26. «Қазақ соқырлар қоғамының Леңгір оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 910340000024 27. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 030240004788 28. «Қазақ соқырлар қоғамының Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 950140001058 29. «Қазақ соқырлар қоғамының эксперименталдық кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 971040001902 30. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Щучье оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі 940940001164 31. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі 920140000837 32. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі 660840000064 33. «Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі 921040000599 34. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Семей оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі 920140000533 35. «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, Өскемен қаласы 930240000565 36. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Тараз оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі 920240000672 37. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Орал оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі 941240002407 38. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды оқу-өндірістік кәсіпорны» жеке меншік мекемесі 941240000490 39. «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, Қостанай қаласы 950140000664 40. «Қазақ саңыраулар қоғамының Қызылорда оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі 950940000574 41. «Қазақ саңыраулар қоғамының Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны» мемлекеттік емес мекемесі 941240002070 42. «Қазақ саңыраулар қоғамының «Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі 971240002274 43. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің № 1 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі 370340000015 44. «Қазақ саңыраулар қоғамының № 2 оқу-өндірістік кәсіпорны» мемлекеттік емес мекемесі, Алматы қ. 930640000629 45. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің № 3 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі 980440004277 46. «Қазақ саңыраулар қоғамының № 4 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі 000640004251 47. «Астана қаласы Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі 620840000017 48. «Мүгедектерді оңалту өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Петропавл қ. 911140000273 49. «Қазақстан Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің республикалық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Кроива-Көмекші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ. 080740016838 50. «Қазақстан Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің республикалық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Кроива-Print» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ. 080740016868 51. «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Инватакси» оңалту қызметтерін көрсету орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 090540009453 52. «Қазақстан республикалық Ауғанстан соғысы мүгедектерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «SU Service group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ. 080840001259 53. «Медеу ауданы мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Media Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ. 080240019001 54. «Қазақстан республикалық Ауғанстан соғысы мүгедектерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Оңалту техникасы орталығы – Надежда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ. 080740016888 55. «ШАНС» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің «ШАНС-Кокше» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100440000956 56. «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Социал 2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қарағанды қ. 100340021797 57. «Әлеуметтік қызметтер орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Социус 2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қарағанды қ. 100340021767 58. Алматы қаласы Бостандық ауданының мүгедектер қоғамы жергілікті қоғамдық бірлестігінің «Дәм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 981240002206 59. «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, Павлодар қ. 130940007500 60. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Көкшетау» корпоративтік қоры 120340000609 61. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ақтөбе» корпоративтік қоры 120240024810 62. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қаратал бастауыш ұйымы» корпоративтік қоры 051140011842 63. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Талдықорған» корпоративтік қоры 120340004334 64. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шелек бастауыш ұйымы» корпоративтік қоры 030540008771 65. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Атырау» корпоративтік қоры 120340006658 66. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Өскемен» корпоративтік қоры 120240008145 67. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз» корпоративтік қоры 120440020151 68. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Орал» корпоративтік қоры 120340001022 69. Қарағанды облысының «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің корпоративтік қоры 101140009071 70. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қостанай» корпоративтік қоры 111240020561 71. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жосалы» корпоративтік қоры 130141012414 72. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қызылорда» корпоративтік қоры 120240004300 73. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Сырдария» корпоративтік қоры 130140008728 74. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қазалы» корпоративтік қоры 121240006377 75. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Маңғыстау» корпоративтік қоры 120640008159 76. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Павлодар» корпоративтік қоры 120340018007 77. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қызылжар» корпоративтік қоры 120240014605 78. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Сарыағаш» корпоративтік қоры 130141008347 79. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тұрар» корпоративтік қоры 121140016998 80. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Отырар» корпоративтік қоры 121240005212 81. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Бәйдібек» корпоративтік қоры 121240016624 82. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Төлеби» корпоративтік қоры 121240000102 83. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ақсукент» корпоративтік қоры 121140016859 84. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Шымкент» корпоративтік қоры 110240011074 85. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Алматы» корпоративтік қоры 110640014457 86. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Іле» корпоративтік қоры 140240010278 87. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Сарқан» корпоративтік қоры 140240010319 88. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ақжайық» корпоративтік қоры 140240032568 89. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Бұланды» корпоративтік қоры 130240026869 90. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Арал» корпоративтік қоры 121140019358 91. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Екібастұз» корпоративтік қоры 121240019578 92. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі (республикалық мәртебе) 920140000708 93. «АСАР» Жамбыл облысы мүгедектермен жұмыс істейтін ұйымдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі 120740007918 94. «Шебер қол» оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 111240021609 95. «Жаңа Өмір 2012» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 120140005701 96. «Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі 990140000671 97. «МҮГЕДЕК» Арқалық қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі 041140012016 98. «Ұшқын» Қызылорда оқу-өндірістік мүгедектер кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 131140000547 99. «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Оңтүстік Қазақстан облыстық одағы» қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100. «Интеграция плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 060640013142 101. «Ар-Рохим» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі 100240012714 102. «Аяулы-Алақан» қоғамдық бірлестігі 051140003762 103. «Помощь инвалидам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 111240022726 104. «Тәуелсіздік-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 111240017703 105. «Астана қаласы балалы мүгедек аналар қоғамы» қоғамдық бірлестігі 020840005617 106. Ескелді ауданы «Демеу» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі 080840012690 107. «DQB BASIS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 140240025099 108. «Нұр» көру кемістігі бар адамдарды әлеуметтік-еңбекпен оңалтуды ұйымдастыру қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі 131040016381 109. «Жаса» әлеуметтік-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 140340006832 110. «Арба» тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі 090540001130 111. «Теміртау қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі 920940000777 112. «Павлодар облыстық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі 911240000683 113. «СОСТРАДАНИЕ» мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі 121140012698 114. «Қазақстан мүгедектер ұйымдарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігі 911140000520 115. «САМҒАУ ГРУП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 140140013230 116. «Биіктеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 140240023013 117. «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі 890340000023 118. «Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің қазақстандық республикалық қоғамы» қоғамдық бірлестігі 980440001113 119. «Намыс» жоғары білімді мүгедектердің қоғамдық бірлестігі 021140007531 120. «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі 041240007965 121. «Әлеуметтік қызметтер орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігі 030340002676 122. «Фортуна 2013» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 131140008453 123. Талдықорған қаласы «Ерлік» қимыл қозғалысы кем мүгедектер қоғамдық бірлестігі 070140010449 124. Көксу ауданы «Салауат» қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің «Нұрлы көмек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 120140021743 125. «Қамқор» Солтүстік Қазақстан облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі 140240013482   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №431 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім кодтары (ЭҚТӨК) 1 2 Төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрацтар, жамылғы, жастық түрлері, сүлгі, майлық, жастық тыстары, матрацқа арналған тыстар, жаялықтар 13.92.12 аспаздың костюмі, пісірушінің костюмі, түрлі қалпақтар 13.92.13 дәретхана қағазы, қағаз сүлгілер 17.22.11 перделер, машиналарға, креслоға арналған тыстар, түрлі шымылдықтар 13.92.15 шахтер сөмкесі, түрлі қаптар, шахтер белбеуі 13.92.21 термоберік брезенттен жасалған костюм, мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далаға киетін күрте, брезент костюм, дәнекерлеушінің, аккумуляторшының костюмі, жұмыс комбинезоны, су өткізбейтін қанықтырмасы бар брезент жадағай, резеңкеленген жадағай 14.12.11 түрлі бушлаттар, мақтадан жасалған куртка, мақтадан жасалған жылы шалбар, синтепоннан жасалған сырып тігілген медициналық бушлат, «Зима» жылы костюмі, теріден жасалған костюм, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы куртка, далаға киетін бүркемеленген костюм, шалбар, фуфайка, теріден жасалған костюм 14.13.11 әр түрлі пижамалар, ерлердің іш киімдері, трусилер, шұлықтар, шұлғаулар, әр түрлі жейделер 14.14.12 жаңа туған нәрестеге арналған жиынтық 14.19.11 барлық атаудағы қолғаптар мен биялайлар 14.19.13 түрді үшкіл орамалдар, шлемнің астынан киетін түрлі қалпақтар, қол орамал, жаға астары 14.19.23 жұмыс халаты, түрлі алжапқыштар, бірегей нысанды киім (офицерлік құрамнан басқа), сигналдық кеудеше, барлық түрдегі медициналық халаттар, хирургиялық костюмдер, түрлі бахилалар, нысанды және арнайы киім, көрпе, госпиталь халаттары, түрлі халаттар, түрлі мектеп формалары 14.12.30 үлбір құлақшын 14.20.99 аяқ киім тігу және жөндеу 15.20.99 қоқыс тазалайтын қалақтар, түймелер, қыстырғыштар, шахматтар, шашкалар, ілгіштер, шыны банкаларға арналған пластмасса, металл қақпақтар, медициналық фольга қалпақтар, қорғау каскалары, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған контейнерлер, Р-50, Р-65 оқшаулау бөлшектері, құжат тігілетін папкалардың құлыптары, шылапшындар, шелектер, электр энергиясын есептеу құралдарына арналған тыстар мен корпустар, жануарларға арналған биркалар, щетка - металл дөңгелек, жануарлардың бауы, рабица тор 22.29.91 құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар, бланкілік өнім әзірлеу жөніндегі жұмыстар 17.23.12 орайтын қораптар, мұрағат қораптары 17.21.14 фармацевтикалық қызмет, дәрілік заттарды өндіру, жасау және сату 21.20.99 биметалл камералық температуралық реле датчигі, автоөткізгіштер, шамдар, розеткалар, өшіргіштер, ұзартқыштар, ИП 212-45 өрт кезіндегі хабарлағыштар, 1000 В-гe дейінгі кернеудегі түрлі модификациядағы электр қалқандар, өрт сөндіру-күзет сигнализациясының аспаптары 27.12.31 көлік құралдарының, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлардың қосалқы бөлшектері (сүзгілер, щеткалар, оратын сәуле, елейтін шатун) 28.30.93 үй-жайлар мен аумақтарды жинау 81.29.19 абаттандыру, көгалдандыру 81.30.10 мүгедектердің демалысын және санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру 88.10.13 жерлеу бойынша қызметтер 96.03.11 жерлеу бюросының қызметтері 96.03.12 полиграфиялық, жарнамалық, баспа 73.11.11 қылқалам-щетка бұйымдары 32.91.19 мүгедектердің оңалту техникасын жасау, құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергіш-көлік құрылғылары мен механизмдер, телерадиоаппаратура) 28.22.99 ағаштан жасалған бұйымдар (түрлі саптар, салатын жәшіктер) 16.29.14 үй-жайларды жалға беру 41.00.20 кресло-арбалар 30.92.20 жиһаз жасау 31.09.99 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №43 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу қағидалары 1. Осы Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді. 2. Қағидалар тапсырыс берушілердің тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 248-бабы 13) тармақшасының екінші абзацында көзделген шартқа сай келетін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан (бұдан әрі – мүгедектер ұйымдары) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу тәртібін айқындайды. 3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде: 1) конкурс тәсілімен өткізілуге тиісті, мүгедектердің мұқтаждығына арналған тауарларды (тифлотехникалық құралдар, жүріп-тұруға арналған арнайы құралдар, міндетті гигиеналық құралдар) өндіретін және (немесе) беретін мүгедектер ұйымдарынан осындай тауарларды, ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде; 2) тауарларды өндіретін мүгедектер ұйымдарынан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде; 3) жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін мүгедектер ұйымдарынан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, ағымдағы жылы осы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің жүз пайызы көлемінде сатып алуды жүзеге асырады. 4. Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдардан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың арасынан өнім берушіні таңдау Заңда көзделген ережелерге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі), осы Қағидаларда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады. 5. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңда көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, оған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін мүгедектер ұйымдарына рұқсат беріледі. Жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін мүгедектер ұйымдарына өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді және қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушыларды тартуға жол берілмейді. 6. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін мүгедектер ұйымдары арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді. 7. Мемлекеттік сатып алу Заңның 16-бабының 4-тармағында көзделген негіздер бойынша өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін мүгедектер ұйымдарынан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы. 8. Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін мүгедектер ұйымдарынан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы. 9. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына сәйкес мүгедектер ұйымдары арасында электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу екі рет өтпеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыруға құқылы. 10. Осы Қағидаларда реттелмеген жағдайларда, тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссиялардың мүшелері Заңды, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін және Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын басшылыққа алады.