Фото: middleeasteye.net
Биыл қажылық сапары 15 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. ҚМДБ мәліметінше, маусым кезінде қажыларды тасымалдау жұмыстарын конкурстық негізде Air Astana және SCAT, сондай-ақ саудиялық Flyadeal әуекомпаниялары жүзеге асырады. Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан шыққан рейстер тікелей Джидда мен Мәдина қалаларына бағытталады. Қажылардың елге қайту сапары да осы екі қаладан кезең-кезеңімен жоспарланған. Осылайша, қажылық маусымын отандастарымыз үшін барынша қолайлы, қауіпсіз және жоғары деңгейде ұйымдастыру көзделіп отыр.
Сондай-ақ жиын барысында қажылардың Қазақстан аумағынан тиісті туркодпен шығуы, вакцинация мәселесі, қажылық барысында Сауд Арабиясының заңдарын орындау, Қазақстандық квотамен шетел азаматтарын апармау мәселесі де талқыланды. Аталған мәселелерге қатысты қажылықты ұйымдастыруға рұқсат алған отандық 14 туроператор өкілдері ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салды.