Теннис • 13 Қараша, 2022

Александр Недовесов Словакиядағы турнирде жеңімпаз атанды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава қаласында (Словакия) өткен Peugeot Slovak Open челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Недовесов Словакиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге жүлде қоры 68 мыңдай еуроға бағаланған жарыста үздік шықты.

Доданың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда чехиялықтар Петр Ноза - Андрей Полсонды 4:6, 6:4, 10:6 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Недовесов өзінің спорт жолында челленджер турнирлерінде 25-титулына қол жеткізді. Соның үшеуін жекелей, 22-сін жұптық сында жеңіп алды. Өткен жыл Недовесов үшін аса табысты болды, ол жеті рет чемпион атанды. Бұл - оның жеке рекорды.