29 Мамыр, 2014

Қазақстан Республиккасы Үкіметінің қаулысы № 437

480 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2014 жылғы 4 мамыр, Астана, Үкімет Үйі Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 118-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшері бекітілсін. 2. «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тарифтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 988 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 506-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысымен бекітілген Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшері Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төленетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы мынадай мөлшерлерде белгіленеді: 1. Берешек сомаларын өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша өндірілетін сома: 60 АЕК-тен аспайтын болса - өндірілетін соманың немесе мүлік құнының 25 %; 60-тан жогары 300 АЕК-ке дейін болса - өндірілетін соманың немесе мүлік құнының 20 %; 300-ден жоғары 1000 АЕК-ке дейін болса - өндірілетін соманың немесе мүлік құнының 15 %; 1000-нан жоғары 2000 АЕК-ке дейін болса - өндірілетін соманың немесе мүлік құнының 10 %; 2000-нан жоғары 5000 АЕК-ке дейін болса - өндірілетін соманың немесе мүлік құнының 8 %; 5000-нан жоғары 10000 АЕК-ке дейін болса - өндірілетін соманың немесе мүлік құнының 5 %; 10000 АЕК-ке дейін болса - ‹өндірілетін соманың немесе мүлік құнының 3 %; 2. Мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді. Ескертпе: АЕК - «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.