Қоғам • 13 Қараша, 2022

Жәрдемі көп жәрмеңке

224 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурс­тық ор­та­лығы жоғары оқу орындарының түлектері мен елор­да­ның жұ­мыссыз жастары үшін Бос орындар жәрмеңкесін ұйым­дас­тыр­ды.

Жәрдемі көп жәрмеңке

Мұндай іс-шаралар жоғары оқу орында­ры мен колледж­дер түлек­те­рінің жұмысқа орна­ласуы­на айтарлықтай кө­мек. Өйткені оларға жұмыс ұсынатын компа­ния­лардың өкіл­де­рімен жеке қа­рым-қатынас жасау мүм­кіндігі беріледі. «Ас­тана жас­та­рының» NEET сана­тын­да­ғы жастармен жұмыс бөлімінің бас­шысы Аймақ Әлфараби бұл жәр­­мең­ке­ге қа­ланың 30-дан аса жұмыс беру­ш­ісі қатысып, 300-ден аса бос жұмыс орнын ұсынғанын айтты.

«Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің «Астана жас­тары» ЖРО» КММ бос жұмыс орындарының үш жәрмеңкесін өткізді. Оған елорданың 126 ұйы­мының өкілдері қатысты. Жұмыс берушілер 800-ден аса бос жұмыс орнын ұсынды. Оның барысында 150-ге жуық адам жұмысқа орналасты. Бос орындар жәрмеңкесіне 1 200-ден аса жас ізденуші келді», деп атап өтті ол.

2021 жылы ашылған Жас­та­р­­ға қызмет көрсету орта­лы­­­ғының жұ­мысы туралы да тіл­­ге тиек еткен спикер: «Бұл ор­талықтар жас­тарға жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу жолдары және бос уақытты өткізу мә­се­лелері бойынша кеңес береді. Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жас ізде­нушілерге Жұмыспен қамту орталығының қыз­­меткерлері, тұрғын үй мә­се­­ле­лері бо­йын­ша «Отбасы банкінің» өкіл­­дері, бос уақыты бойынша ақ­паратты «Астана жастары» КММ қызметкерлері береді. Жұ­мыспен қамту орта­лы­ғын­да Жастар практикасы, қо­ғам­дық жұмыстар және «бі­рін­­ші жұмыс орны» жобасы бо­йынша жұмыс ұсынылады. Тұрғын үй мәселелері бойын­ша «Елорда жастары» және «жалға берілетін тұрғын үй» бағ­­дар­ла­малары жұмыс іс­тей­ді», деді.

Ал жақында оқу орнын бағ­дар­ламашы мамандығы бо­йын­ша бітірген Еуразия уни­вер­­­ситетінің түлегі Дәулет Талғатұлы елі­міз­дің бола­ша­ғы жас­­тардың қолында екенін, егер жастар білімді және прог­рес­сивті болса, ел өркен­де­уі­не үлкен үлес қоса алатынын айт­ты. Оның ойын­ша, Еу­ра­зия университеті – жоғары білікті ма­мандар даярлайтын қала­да­­ғы ең үздік оқу орын­да­ры­ның бірі. Сондай-ақ ол жұмыс беру­ші­лерден ұсыныс алатынынан үміт­ті екенін білдірді.

Аталған іс-шараларға қа­тысу келешекте өзінің еңбек жо­лын бастағалы отырған жас буын үшін аса маңызды. Өйткені мұндай іс-шаралардың компания өкілдерімен жеке қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ жас­­тарды қызықтыратын сұ­рақ­­­тар қоюға және компания тура­лы қосымша ақпарат алу­ға мол мүмкіндік беретін артық­шы­лықтары бар.