Экономика • 13 Қараша, 2022

Алыс та жақын Македония

248 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Солтүстік Македония экономикалық ынтымақтастықты нығайтып жатыр. Скопье қаласында өткен сауда-экономикалық ынтымақ­тастық жөніндегі үкіметаралық комис­сия­­ның бірінші отырысы соның дәлелі.

Алыс та жақын Македония

Еліміздің Ұлттық экономика министрі, Қазақстан-Македония үкіметаралық комис­сиясының тең төрағасы Әлібек Қуан­тыров­тың айтуынша, Солтүстік Маке­дония Республикасы Қазақстанның сенімді және ұзақ мерзімді сыртқы эконо­микалық серіктесі болып саналады.

– Біз үкіметаралық комиссияның қыз­метін бастай отырып, екіжақты қаты­настар тарихының жаңа кезеңін аштық. Елдер арасында нормативтік-құқықтық база құрылды, сауда-экономикалық ынты­мақтастық туралы, инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы, қосар­ланған салық салуды болдырмау туралы негізгі экономикалық келісімдер жасалды, – деді министр үкіметаралық комиссияның бірінші отырысында.

Ә.Қуантыров Қазақстан сындарлы диа­логті нығайтуға және Солтүстік Маке­до­ния­мен практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін айтты.

– Тауар айналымының көлемін ұлғайту және жеткізілетін өнім тізімін кеңейту бойын­ша жұмысты одан әрі жалғастыру қажет. Қазіргі уақытта біздің алдымызда инвестициялар мен бірлескен өндірістер саласындағы ынтымақтастықты жандандыру бойынша маңызды міндет тұр, – деді ведомство басшысы.

Бұл ретте Қазақстан Солтүстік Македо­ния­ның көлік инфрақұрылымы мен туризмді дамыту жөніндегі тәжірибесін зерделеуге мүдделі.

Министр өз сөзінде «Астана» халықара­лық қаржы орталығының жұмысына ерекше назар аударды. АХҚО ағылшын құқығы негі­зін­де жұмыс істейді. Бүгінгі таңда оған 1 624 ком­пания тіркелген, оның 664-і – шетелдік.

– Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Жеңілдетілген салық режімі қолданылады, ұлттық заңнама­лар үнемі жетілдіріліп отырады және инвести­ция­лық жеңілдіктер пакеті кеңейтілуде. Біздің стратегиялық міндетіміз – 2025 жылға қарай шетелдік инвестициялар көлемін жылына 30 млрд долларға дейін ұлғайту, – деп нақтылады Ә.Қуантыров.

Отырыс қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрлігі мен Солтүстік Македония Республикасының Экономика министрлігі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Солтүстік Македонияға жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Скопье қаласында Ә.Қуантыров Солтүстік Маке­дония Ассамблеясының (Парламент) Төр­ағасы Талат Джаферимен кездесті. Кез­десу барысында сауда-экономикалық ынтымақ­тастық мәселелері, оның ішінде инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау бағыттары талқыланды. Тараптар Қазақстан мен Солтүстік Македонияның көптеген бағыт бойынша бірлескен жобаларды іске асыру үшін зор әлеуетке ие екендігіне сенім білдірді.

Сондай-ақ Ұлттық экономика министрі Солтүстік Македония Республикасы Пре­мьер-министрінің бірінші орынбасары, саяси жүйе және қауымаралық қатынастар ми­нистрі Артан Грубимен келіссөздер жүргізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Атап айтқанда, тұрақты экономиканы қалыптастыру, бизнесті дамыту, инвестицияларды тарту және «жасыл» экономиканы ілгерілету мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар министр Тетово қала­сын­дағы техникалық-өнеркәсіптік даму аймағына барды. Онда қазақстандық делегацияға бұл аймақтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері таныстырылды. Мұнда 10 жылдық салық демалысы, қосылған құн са­лығынан және тауарларды импорт­тау кезінде кедендік баждардан боса­ту қа­расты­рыл­ған. Негізгі бағыттар – «жа­сыл» энергия саласындағы жоғары тех­но­ло­гиялық жобалар.

Сонымен қатар жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі жергілікті Инновациялар және технологиялық даму қорының директоры Фестим Халилимен кездесті. Қор жеделдетілген технологиялық даму және жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету үшін шағын және орта кәсіпорындарды қолдайды. Өз кезегінде қазақстандық тарап цифрлық даму, венчур­лық қаржыландыру, сондай-ақ стартаптарды қолдау бойынша нәтижелерін ұсынды. Македониялық мамандар тәжірибе алмасуға және инновациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы тауар айналымы 8,9 млн долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8 есе жоғары.

Қазақстаннан Солтүстік Македонияға бағытталған экспорт осы жылғы қаңтар-тамызда 73,6 есе өсіп, 7,3 млн долларға жетті. Экспорттың өсуі металл бұйымдары мен зығыр тұқымдарын жеткізудің артуымен байланысты болып отыр.

Солтүстік Македониядан Қазақстанға бағытталған импорт 2022 жылғы қаңтар-тамызда 55,1 пайызға өсіп, 1,6 млн долларды құрады. Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар – дәрілік заттар, киім, жылжымалы құрамның бөлшектері, пластмассадан жасалған бұйымдар, оқшауланған сымдар мен кабельдер.