Теннис • 13 Қараша, 2022

Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу сатысында Польшамен ойнайды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шотландияның Глазго қаласында 2023 жылғы командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогі іріктеу сайысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу сатысында Польшамен ойнайды

Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу сатысында Польшамен ойнайды. Польшамен матч 2023 жылдың 14-15 сәуір күндері Қазақстанда өтеді. Жеңген команда финалдық кезеңге жолдама алады.

Іріктеу матчы төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Биыл командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінде алғаш рет өнер көрсеткен қазақстандық қыздар С тобында Ұлыбританияны 2:1 есебімен жеңіп, Испаниядан 0:3 есебімен ұтылып қалды.