Кәсіпқой бокс • 14 Қараша, 2022

«...жеңіске жақын болдым» - Жәнібек Әлімханұлынан жеңілген боксшы мәлімдеме жасады

6557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Британиялық боксшы Дэнзел Бентли титулды айқаста Жәнібек Әлімханұлынан жеңілгеннен кейін жекпе-жек жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«...жеңіске жақын болдым» - Жәнібек Әлімханұлынан жеңілген боксшы мәлімдеме жасады

«...Не айта аламын?! Мен ол жерге шығып, бар күшімді салып айқастым және жеңіске жақын болдым… Мен чемпион болмақпын, бұл мен үшін жақсы емес. Спортзалға оралып дайындаламын және арманымды жүзеге асырамын. Көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін. Отбасым мен командама ерекше алғыс айтқым келеді. Мен чемпион боламын!», деп жазды Бентли Instagram желісінде.

Еске салайық, орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен британиялық Дэнзел Бентлиді (17-1-1, 14 КО) ұпай санымен жеңді.