Тағайындау • 14 Қараша, 2022

Қазпоштаның бұрынғы басшысы жаңа қызметке тағайындалды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Серік Саудабаев «Энергоинформ» АҚ-ның басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазпоштаның бұрынғы басшысы жаңа қызметке тағайындалды

«Бұған дейін «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Саудабаев Серік Болатұлы «Энергоинформ» АҚ басқарма басшысы болып тағайындалды», делінген ведомство хабарламасында.

«Энергоинформ» – «KEGOC» АҚ-ның еншілес ұйымы. Қазақстанның ұлттық энергетикалық жүйесіне қатысушылардың ақпараттық-телекоммуникациялық кешендерінің жұмысын және дамуын қамтамасыз етеді.

Серік Саудабаев 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қазан айына дейін «Қазпошта» басшысы қызметін атқарған.

Қазан айының басынан бастап Қазпоштаны бұрынғы Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова басқарып келеді.