Қоғам • 14 Қараша, 2022

«АрселорМиттал Теміртауға» қандай талаптар қойылды?

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қандай талаптар қойылатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«АрселорМиттал Теміртауға» қандай талаптар қойылды?

«Біздің мақсатымыз – 2025 жылға қарай «Арселор Миттал Теміртау» шығынын 20 пайызға азайту. Осыған сәйкес бізге тапсырылған құжаттарда олар нақты қызмет түрлерін көрсетуі керек. Нақты шешімдер болмаса, біз оларға экологиялық рұқсат бермейміз», деп жауап берді Серікқали Брекешев журналист қойған сауалға.

Сондай-ақ ол алдағы сәрсенбіде Қарағанды ​​облысының тұрғындарымен кездесетінін айтты. Сапар аясында Теміртауда үлкен жиын өтеді. Онда «Арселор Миттал Теміртау» және экологияға қатысты мәселелер талқыланады.