Жарылыстан кейін Ыстанбұлдағы қазақстандық дипломаттар жергілікті билікке хабарласқан.
«Жарылыстан кейін мән-жайды анықтау үшін біраз уақыт қажет болды. Біздің дипломаттар түні бойы кезекшілікте болды. Түрлі құзырлы органдарды шақырып, жақын маңдағы барлық ауруханаларды аралады. Бақытымызға орай, зардап шеккендер арасында біздің азаматтар жоқ», деді Айбек Смадияров.
Еске сала кетейік, кеше Ыстанбұлдың Истикляль көшесінде ірі жарылыс болды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оқиғаны «бомбалы шабуыл» деп атады.
Соңғы мәліметтер бойынша Ыстанбұлдағы жарылыстан зардап шеккендер саны 81-ге жетті.