Саясат • 14 Қараша, 2022

Қазақстан Украинада сайлау учаскесін ашпайды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Украинада сайлау учаскесін ашпау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Украинада сайлау учаскесін ашпайды

Айбек Смадияровтың айтуынша, Украинадағы қазақстандықтар көрші елдерге барып, сол жақтан дауыс бере алады.

«Украинадағы жағдайға байланысты бұл жолы сайлау учаскесін ашпадық. Сондықтан олар қаласа көрші ел – Молдова, Польшаға барып, сол жерде дауыс бере алады. Бірақ дауыс берушілер оларға бюллетень дайындап қою үшін, елшілікке алдын ала хабарлауы керек», деді А. Смадияров.

Айта кетейік, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.