Әлем • 14 Қараша, 2022

Байден Си Цзиньпинді бейбітшілікке шақырды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Джо Байден ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге АҚШ пен Қытай келіспеушіліктерді жеңіп, жанжалға жол бермеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Байден Си Цзиньпинді бейбітшілікке шақырды

Байденнің айтуынша, тұтас әлем АҚШ пен Қытай жаһандық мәселелерді шешеді деп күтеді.

Си Цзиньпин Байденге бейбітшілік пен жаһандық тұрақтылыққа сенімділік әкелу үшін барлық елдермен тығыз жұмыс істеу қажеттілігі туралы айтты. Ол стратегиялық екіжақты мәселелер бойынша адал келіссөздер жүргізуге, өңірлік және жаһандық ахуалды талқылауға дайын екенін атап өтті.

Бүгін Байден мен Си Цзиньпин Индонезиядағы G20 саммиті алаңында келіссөз жүргізді. Қытай мен АҚШ басшылары екі елдің көшбасшылары ретінде алғаш рет кездесті.