Оқиға • 14 Қараша, 2022

Павлодар облысында ер адам 5-қабаттан секірмек болды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Ақсу қаласының Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 23-үйде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында ер адам 5-қабаттан секірмек болды

Аталған мекенжайға патрульдік полиция взводының инспекторлары Рүстем Жұмабеков және Уаис Ибраев дереу жеткен.

- Көрсетілген мекенжайға келгеннен кейін біз 5-қабаттың балконынан ер адамның өзін біртүрлі ұстағанын, айқайлап, секіремін деп қорқытқанын көрдік. Ойланбастан біз кіреберіске жүгірдік, бесінші қабатқа көтерілдік, бірақ пәтердің есігі ішінен жабулы болды. Мен көршілердің есігіне қоңырау шалып, не болып жатқанын түсіндірдім. Олар бізді ішке кіргізіп, балконға апарды. Уаис онымен келіссөздер жүргізіп жатқанда, мен көршінің балконынан өтіп, ер адамды ұстап алдым. Содан кейін оны пәтерге кіргізіп, онымен сөйлесе бастадым. Кейін ішке әріптесім мен ер адамның туыстары келді, – деді полицей Рүстем Жұмабеков.

Осылайша, полиция қызметкерлерінің араласуымен қала тұрғыны ажалдан аман қалды.