Тағайындау • 15 Қараша, 2022

Маңғыстау облысы табиғи ресурстар басқармасының басшысы тағайындалды

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Мәлік Әбдіқадіров Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысы табиғи ресурстар басқармасының басшысы тағайындалды

Мәлік Сейлханұлы білімі жоғары. 1999 жылы «Қайнар» университетінің заңгер, 2011 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар 2011 жылы Абердин Шотландия Университетінің құқық магистрін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Бейнеу ауданы Прокурорының көмекшісі қызметінен бастап, 2014 жылға дейін облыс бойынша прокуратура саласында түрлі қызмет атқарған.

2014-2015 жылдары «Лукойл Оверсиз» компаниясының «Батыс-Курина-2» жобасының әкімшілік менеджері қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, департамент басшысы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болды.

2020 жылдың шілде айынан қазіргі уақытқа дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.