Қоғам • 15 Қараша, 2022

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнетақының орташа мөлшері 108 993 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2022 жылдың 10 айы ішінде қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Тек қазан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,1 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 170,5 млрд теңге бағытталды.

Бүгінгі күні Қазақстанда 2 млн 268 мың зейнеткер тұрады, бұл ретте зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 108 993 теңгені құрады.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, әрбір алушыға жеке тағайындалатынын айта кету керек.