Қоғам • 15 Қараша, 2022

Шекара қызметінің сарбаздары ант қабылдады

3511 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің сапына алынған «Күз-2022» шақырылымының сарбаздары Отан алдында ант қабылдады. Аталған департаменттің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында өткен рәсімге 500-ге тарта сарбаз бен олардың алыстан ат арылтып жеткен ата-ана, туған-туыстары мен достары қатысты.

Шекара қызметінің сарбаздары ант қабылдады

Жылдағы дәстүрге сай, биылғы рәсімге де сарбаздар үлкен дайындықпен келді. Бұл ретте ер азаматтардың өмірінде бір-ақ рет болатын маңызды оқиға – Отанына адал қызмет етуге ант беретін сәт туды.

Осы жылдың күзінде әскер сапына шақырылған сарбаздардың арасында әскерден кейін Шекара қызметінде қалып, әскери қызметін келісімшарт негізінде жалғастырғысы келетіндер аз емес. Ант қабылдаушылардың арасынан ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсіп, болашақтарын ел шебімен байланыстырғысы келетін сарбаздар да бар.

Ант қабылдау рәсімі ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Әлібек Каюповтың бұйрығымен ашылды.

Айтулы шараға ата-аналармен бірге Шекара қызметінің ардагерлері де қатысып, жас сарбаздардың алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Шекараның шетіне жаудың табанын тигізбеу үшін «күн отырмаған, түн ұйықтамаған» Тоныкөк бастаған батыр бабаларымыздың ізбасарлары – шекарашылар екенін айта келіп, «Отан қорғаушы» деген қастерлі мамандыққа сызат түсірмеуге шақырды.  

Маңызды шараның соңында шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының сайыпқырандары қалың жұртшылықтың назарына шекара бұзушыларды құрықтау операциясынан сахналық көрсетілім ұсынды. Сондай-ақ сайдың тасындай іріктелген әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрыстан тамаша өнер көрсетті.

рп

 

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15