Қазақстан • 15 Қараша, 2022

Биыл 11 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бүгінгі Үкімет отырысында құрылыс жұмыстары көлемінің артқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Биыл 11 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

«Жыл басынан бері орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 5%-ға артты. Еліміздің 17 өңірінде өсім тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынды өсуі Шымкент қаласында, сондай-ақ Ақмола, Қызылорда және Алматы облыстарында байқалады», деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, осы жылдың қаңтар-қазан айларында 11,7 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 1,1%-ға артық.

«Оң өсім 15 өңірде тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштер Түркістан, Ақмола және Алматы облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалады. Төмендеу Ұлытау және Абай, Маңғыстау және Атырау облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында байқалды», деп толықтырды министр.