Қоғам • 15 Қараша, 2022

Өрт сөндірушілердің жалақысы 70%-ға өседі

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомство қызметкерлерінің жалақысы қашан және қаншаға көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт сөндірушілердің жалақысы 70%-ға өседі

«Осыдан үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілгенде біздің қызметкерлердің жалақысы 65 мың теңге болған. Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі ресми жалақысы шамамен 110 мың теңгені құрап отыр», деді министр Үкімет отырысында.

Ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру қарастырылғанын айтты.

«Қатардағы қызметкерлердің жалақысы 70 пайызға өседі. Ал, басшылық үшін, яғни өрт сөндіру қызметінің басшылары, төтенше жағдайлар қызметінің басшыларының жалақысы 10 пайызға көтеріледі», деп түсіндірді Ю.Ильин.