Қазақстан • 15 Қараша, 2022

Смайылов өртке қарсы инспекциялардың өкілеттігін күшейтуді тапсырды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында бірқатар өңірде өрт оқиғалары жиі байқалғанын назарға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Смайылов өртке қарсы инспекциялардың өкілеттігін күшейтуді тапсырды

«Абай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында және елордада өрттер жиілегені байқалды», деді Әлихан Смайылов.

Министрлер кабинетінің басшысы көп жағдайда пеш, газ және электр жылыту кезінде қарапайым қауіпсіздік талаптарын бұзу алапат өртке алып келуі мүмкін екенін айтты.

«Осы бұзушылықтарға неғұрлым тиімді ден қою жүйесін құруға бағытталған шаралар қабылдау қажет. Инспекциялардың өкілеттіктерін күшейту бойынша жұмыс жүргізу қажет. Азаматтар анықталған бұзушылықтарды жоюға және болашақта оларды болдырмауға мүдделі болуы керек. Сонымен қатар автономды қазандықтарды тұрғын үйлерден қауіпсіз қашықтыққа шығару мәселесі бірнеше рет көтерілді. Бұған да назар аудару қажет», деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр өңірлердің әкімдері бұл мәселені толығымен шешіп, тиісті шаралар қабылдауы тиіс екенін атап өтті.