13 қараша күні таңертең Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста британдық Дензел Бентлиді жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды. Бұған дейін WBO Әлімханұлы жеңіске жетсе, Мунгиямен жекпе-жек өткізеді деген шешімге келген.
«Мунгия менімен күресуге келіседі деген үміттемін», деп жазды Жәнібек Twitter парақшасында.
Хамес Мунгия 19 қарашада Әлімханұлынан екінші раундта нокаутпен ұтылған аргентиналық Гонсало Кориямен жұдырықтасады.