Қазақстан • 15 Қараша, 2022

Оқушыларды тамақтандыруға қанша қаражат бөлінетіні айтылды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік бюджеттен оқушыларға қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқушыларды тамақтандыруға қанша қаражат бөлінетіні айтылды

Қазақстанда бір оқушыға шамамен 400 мыңнан 1,2 миллион теңгеге дейін қаржы бөлінеді. Бұл туралы мәслихат отырысында Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев айтты. 

«Біздегі оқушыларға 400-450 мың теңге қаржыландырылса, инклюзивті білім беретін арнайы мекеменің оқушыларына жылына 1-1,2 миллион теңгеге дейін қаржы жұмсалады», деді Қ.Сенғазиев.

Оның айтуынша, Астанадағы мектеп тамағының бағасы бір балаға күніне 449 теңгені құрайды. Бұл елдегі ең төмен бағалардың бірі. Сондай-ақ мұндай баға Алматы, Атырау және Павлодар қалаларында сақталған. Басқа өңірлерде бір баланы тамақтандыруға күніне 800 теңгеден астам қаржы бөлінеді.

«Аспаздар қауымдастығымен, Тағамтану институтымен сөйлестік, олардың барлығы біздің қазіргі мәзірді қарап, оның барлық нормалар мен стандарттарға сәйкес келетінін айтты. Бірақ өзіміз қалаған нәрсені істеу үшін біз шығындарды көтеруіміз керек. Қолданыстағы бағамен жаңа ас мәзірі біз қалағандай болмайды», деді ол.

Сондай-ақ жыл соңына дейін бұл баға 10 пайызға, 2023 жылы 20 пайызға көтеріледі. Ал келесі жылы халықтың әлжуаз топтарындағы оқушыларды тамақтандыруға 12,1 млрд теңге бөлінеді.