Тағайындау • 15 Қараша, 2022

Әділет вице-министрі тағайындалды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бекболат Серікұлы Молдабеков ҚР Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. деп жазады Egemen.kz.

Әділет вице-министрі тағайындалды

Бекболат Молдабеков 1991 жылы Жамбыл облысында туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жобалық кеңсесінің талдаушысы болып бастаған.

2014 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің жаңа ақпараттық модельді дамыту және нормативтік техникалық құжаттаманы сараптау басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті нормативтік-техникалық құжаттаманың жаңа ақпараттық моделін және сараптамасын дамыту басқармасының бас сарапшысы болған.

2017-2018 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті нормативтік-техникалық құжаттаманың жаңа ақпараттық моделін және сараптамасын дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2018-2019 жылдары Цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрландыру департаменті директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрландыру департаментінің директоры қызметін атқарған.

2020-2021 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрлық трансформация, цифрлық шешімдер департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2021 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.