Елорда • 15 Қараша, 2022

Елордада жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 қарашада Астана қаласында жұмыс іздеп жүрген азаматтарға арналған кезекті жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордада жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді

«17 қараша күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мақсатында жұмыссыз азаматтарға арналған жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға 50-ден астам жұмыс беруші қатысады», делінген хабарламада.

Айта кетсек, жәрмеңке Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша өтеді.