Қазақстан • 15 Қараша, 2022

Цифрлық көлік дәлізінің тиімділігі

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да компания басшылығының син­гапурлық PSA International Pte Ltd компаниясы­ның логистика және цифрлық көлік дәлізін дамыту сала­сындағы стратегиялық ынтымақтастық бойынша өкіл­дерімен кездесуі өтті.

Цифрлық көлік дәлізінің тиімділігі

Тараптар Азия-Еуропа цифрлық сауда дәлізін құру мәселелерін талқылады. Бұл бастаманы іске асыру Мем­лекет басшысы елдің тран­зиттік әлеуетін арттыру және жаһандық логистикалық эко­жүйедегі сенімді көлік хабы ретіндегі Қазақстанның имид­жін нығайту бойынша қойған маңызды міндетін шешуге мүм­кіндік береді.

Кездесуде PSA International Pte Ltd – Crimson Logic еншілес компаниясы ҚТЖ мамандарымен бірлесіп әзірлеген бір­ыңғай цифрлық платфор­­ма таныстырылды. Жаңа жүйе­де Calista-AE жеткізу тізбегін басқару бойынша синга­пур­лық онлайн-платформа­ның ҚТЖ ақпа­раттық жүйе­лерімен интеграциялану мүмкіндіктері пайдаланылды.

Цифрлық шешімді Транс­каспий халықаралық көлік бағдарында қолдану жоспарланып отыр. Платформа клиенттер үшін сапалы жә­не ыңғайлы сервис жасап, халықаралық тасымалдаушылар үшін маршруттың тартымдылығын арттырады. Цифрлық формат мемлекеттік органдармен және экспедиторлармен ашық өзара іс-қимылды қам­тамасыз етеді. Транзиттік жүктерді ресімдеу кезінде қағаз құжат айналымын болдырмаудан басқа, жүктерді жеткізу мерзімі қысқарады.

PSA International Pte Ltd – 26 елде терминалдары бар әлемдегі ең ірі порт опера­торларының бірі.