Коронавирус • 16 Қараша, 2022

Бір тәулікте 60 адамнан коронавирус анықталды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 60 адам анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты, деп жазады Egemen.kz.

Бір тәулікте 60 адамнан коронавирус анықталды

16 қараша күнгі көрсеткіш 747 адамның КВИ-дан ем алуды жалғастырып жатқаны айтылған.  Оның ішінде 86 пациент стационарларда, 661 адам амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.

КВИ-дің оң және теріс нәтижесімен ауырғандардың ішінен 5 пациент ауыр жағдайда, аса ауыр дәрежеде 2 пациент тіркелген. Ал тағы 2 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.