Елорда • 16 Қараша, 2022

Астанада алып бала дүниеге келді

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы №2 КҚА акушерлік блогында салмағы 5075 грамм, бойы 58 сантиметр бала дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жаңалықты елорда әкімдігінің ресми сайты жариялады. 

Астанада алып бала дүниеге келді

Дәрігерлер пациенттің жүкті әйелдер патологиясы бөліміне түскенін айтады.

«Жүктіліктің 41-аптасында толғата бастап, кейін босану блогына ауыстырылды. Босану жоспары Диананың денсаулығын ескере отырып, консервативті түрде болды. Табиғи жолмен босанды. Диананың бұл үшінші сәбиі, алдыңғы сәбилері де 4500, 4600 грамммен ірі болып дүниеге келген. Анасы да, бала да өздерін жақсы сезінеді»,  дейді акушер-гинеколог дәрігер Динара Байзаққызы Издибаева.

Дәрігерлердің айтуынша жаңа туған нәрестенің қалыпты салмағы жынысына байланысты. Мәселен, ұлдар үшін 3 400-3 500 грамм, бойы 44,2–55,66 сантиметр, қыздар үшін – 3 200-3 400 грамм, бойы 43,6–54,7 сантиметр болады Орташа қалыпты баланың салмағы 2500-ден 4500 грамға дейін  қалыпты деп саналады.