Әлем • 16 Қараша, 2022

Ыстанбұлда тағы жарылыс болды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ыстанбұлдың Фатих ауданында жарылыс болып, бірнеше көлік өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz Mynet порталына сілтеме жасап.

Ыстанбұлда тағы жарылыс болды

Жергілікті биліктің хабарлауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Кейбір деректерге сәйкес, жалын алдымен бір көлікті шарпыған, содан кейін Сұлтанахмет алаңынан батысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан Қожа Мұстафа паша көшесінде тұрған көлік өртенген.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды жедел ауыздықтады.

Айта кетсек, бұл ауданда Ыстанбұлдың басты көрікті жерлері - Айя София мешіті мен Көк мешіт орналасқан.