Теннис • 16 Қараша, 2022

Қазақстандық теннисшілер Челленджер турнирлерін жеңіспен бастады

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Михаил Кукушкин мен Бейбіт Жукаев Челленджер турнирлерін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілер Челленджер турнирлерін жеңіспен бастады

Қазақстан теннис федерациясы жазғандай, Кукушкин Хельсинкиде іріктеу сайыстарынан кейін негізгі жарыстың алғашқы айналымында италиялық Стефано Травальямен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:4 есебімен ұтып, екінші айналымға шықты. Михаил ширек финалға шығу үшін ресейлік Евгений Карловскиймен таласады.

Ал Жукаев Жапонияның Кобе қаласында бастапқы кездесуін сәтті өткізді. Бейбіт корт иесі Ючи Сугитаны 4:6, 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Қазақстандық теннисші бәсеке барысында 24 эйс жасап, көзге түсті. Ол екінші айналымда әлемнің 84-ракеткасы, доданың бірінші ракеткасы, аустралиялық Кристофер О'Коннелмен кездеседі.