«Жаңа банкноттың айналымға енгені» туралы видео әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар тарапынан қызығушылық тудырған еді.
«Жаңа номиналды шығару ел экономикасының объективті қажеттіліктерімен байланысты болуы тиіс. Қазіргі уақытта мұндай қажеттілік байқалмайды. Сондықтан, жаңа номинал шығару жоспарланбаған», деп түсіндірді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
ҰБ қазіргі уақытта ең жоғары номинал 20 000 теңгелік купюра екенін атап өтті.
«Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасындағы тарихи оқиғаларға, мерейтойлық және атаулы күндерге арналған, таралымы шектеулі мерейтойлық, естелік банкноттар мен түрлі номиналдағы монеталарды айналымға шығаратынын ақпарат тәртібімен хабарлаймыз. Қазіргі уақытта мерейтойлық, естелік банкноттар мен монеталардың ең жоғары номиналы 20 000 теңге» деп толықтырды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.