Қазақстан • 16 Қараша, 2022

Қазақстанда жаңа төсбелгілер пайда болды

890 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің 2022 жылғы 11 қарашадағы қаулысымен Үкімет құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдарды ведомстволық наградалармен марапаттау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жаңа төсбелгілер пайда болды

Атап айтқанда, үш жаңа төсбелгі қосылды:

  • «Үздік цифрландырушы»

Аталған төсбелгімен қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, міндеттерін адал орындаған, цифрландыру саласында 15 және одан да көп жыл еңбек еткен жұмыскерлер марапатталады. Сондай-ақ айрықша жағдайларда цифрландыру саласына айрықша еңбек сіңірген басқа сала өкілдері де марапатталады.

  • «Ахмет Байтұрсынұлы»

Бұл төсбелгімен гуманитарлық саланың өкілдері, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде шығармашылық белсенділік танытқан тұлғалар, қазақ тілін оқыту бойынша IT жобалардың жетекшілері, сондай-ақ гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқан шетел азаматтары марапатталады.

  • «Еңбек сіңірген саудагер»

Үшінші жаңа төсбелгімен 10 жыл жұмыс өтілі бар сауда саласындағы қызметкерлер және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген азаматтар, сондай-ақ сауданы дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де тұлғалар марапатталады.

Қаулы 2022 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50