Бокс • 16 Қараша, 2022

Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте ауыр жеңілісінен кейінгі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды

Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррелмен (8-0, 7 КО) жекпе-жегінде 12-раундта нокаутпен ұтылған еді. Suleimen promotions Қазақстандық боксшының қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасады.

«Жағымды жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды.

АҚШ-тағы компания өкілінің хабарлауынша, боксшының денсаулығы едәуір жақсарған. Отандасымыз әлі де болса дәрігерлердің бақылауында болмақ. Батырымызға қолдау білдірейік», деп жазды ведомство.