Оқиға • 16 Қараша, 2022

Жамбылда заңсыз балық тасымалдаған тұрғын айыппұл арқалады

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының тұрғыны заңсыз 150 келіге жуық балық тасымалдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылда заңсыз балық тасымалдаған тұрғын айыппұл арқалады

Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, «Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ақкөл – Аса тас жолының учаскесінде кешкі тексеру кезінде «Ауди-100» автокөлігі тоқтатылды.

«Көлік жүргізушісі полицейлерді байқап қалып, жылдамдықты шектен асырып жібергені өз алдына күдік тудырды. Көлікті тоқтатып, тінту кезінде артқы орындықтан 147 келі заңсыз ауланған балық табылды», деді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Ұсталған көлік иесі балықты 38 000 теңгеге сатып алғанын айтып, қайта сатуды жоспарлаған.

«Ер адам жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін заңсыз сатып алу, өткізу, тасымалдау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл мөлшері 30 630 теңгені құрады», деп түсіндірді құқық қорғау органы.

Мұндай қылмыс үшін жеке тұлғаларға - 10 АЕК (30 063 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 30 АЕК (91 890 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген. Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 70 АЕК (214 410 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.