Қазақстан • 16 Қараша, 2022

GPark құрылыс компаниясына қатысты дау шықты

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

GPark құрылыс компаниясы тағы да дау астында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

GPark құрылыс компаниясына қатысты дау шықты

«Бұл тұрғын үй кешенін жылу жүйесіне қосу құрылыс компаниясына жүктелген. GPark жылу магистралін салу арқылы үйді жылумен жабдықтауға қосуы керек еді. Бірақ құрылыс компаниясы салып жатқан жылу магистралі әлі дайын емес», деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде Астанадағы «Мадрид» тұрғын үй кешенінің тұрғындары үйлерінде жылу мен ыстық суды қосуды талап етіп жатқанын айтқан болатын. Олар наразылық ретінде жолдарды жабуды жоспарлаған.

щ

Әкімдік «GPark» компаниясы үйді алтернативьті жолдар арқылы жылу жүйесіне қосуды жоспарлап отыр деп жауап берді. Бүгінде құрылыс компаниясына бұл мәселені жедел шешу тапсырылды.