Қазақстан • 16 Қараша, 2022

Қазақстанның Тұрақты өкілі ЕҚЫҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын табыстады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Бақаев ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидке сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Тұрақты өкілі ЕҚЫҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын табыстады

ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің жаңа мүшесін қарсы алып, Бас хатшы қазақстандық дипломатты маңызды лауазымға тағайындалуымен құттықтады және елеміздің Ұйым мен барлық үш өлшемде өзара ынтымақтастықтың жоғары дәрежесін атап өтті. Х.Шмидтің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ең белсенді қатысушы мемлекеттердің бірі болып табылады және оның қызметінде маңызды рөл атқарады.

Өз кезегінде, Ә.Бақаев Хатшылықтың күрделі кезеңдегі Ұйымның жұмысын үйлестіру жөніндегі күш-жігерін атап өтіп, ЕҚЫҰ-ның бүкіл өңірінде назар сақтағаны үшін алғысын білдірді. Тұрақты өкіл экономикалық-экологиялық өлшем әлеуетін одан әрі дамыту қажеттігіне назар аударып, Қазақстан аумағында, атап айтқанда энергетика және су ресурстарының қауіпсіздігі салаларында іске асырылып жатқан бірқатар жобаларды ерекше атап өтті.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді талқылау барысында Бас хатшы қазақстандық тарапқа Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро сарапшыларын осы процестерге белсенді жұмылдырғаны үшін алғыс білдірді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен әртүрлі деңгейдегі диалогты қолдау және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту бойынша келешек қадамдарды белгіледі.