Қаулы жобасы 30 қарашаға дейін қоғам талқысына ұсынылған.
«Шымкент қаласы білім басқармасының «№3 балалар эстетикалық саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген қаулы жобасында.
Айта кетейік, КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің дүниеге келгеніне биыл 92 жыл. Сазгер 500-ден астам музыкалық төл туындының авторы. Нұрғиса Тілендиевтің атымен республикадағы музыка мектептері, музейлер мен көшелер аталған.