Бұйрыққа сәйкес, байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күннен 20 күнге дейін қысқартылды.
Сондай-ақ құжаттары мемлекеттік құпияларды немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» және «Құпия» деген белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік ақпараттарды қамтитын үміткерлер оларды мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұсынады.
Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
-
Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы;
-
уәкілетті орган берген ғылыми атағының болуы;
-
таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;
-
таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелер мен (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.) оның сапалы болуы;
-
таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы;
-
соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;
-
философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;
-
өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;
-
ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.
Сонымен қатар бұйрықта сыйлық бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейтіні, соңғы он жылдағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері бұл конкурсқа қатыспайтыны жазылған.
Үміткерлер комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шағымдана алады.
Бұйрық 2022 жылғы 26 қарашада күшіне енеді.