Елорда • 17 Қараша, 2022

Астанадағы бірнеше көшеге жаңа атау беріледі

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы мәслихаты бірнеше көшеге жаңа атау беруді мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы бірнеше көшеге жаңа атау беріледі

«Е202 жобалық атауы бар көшеге әскери шабуылшы ұшқыш, Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровтің есімін беру ұсынылады, ал  Е101 көшесіне кеңестік және қазақстандық жазушы, қоғам және саяси қайраткер, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шерхан Мұртазаның есімін беру ұсынылады. Е324 көшесіне көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның аты, Е325 көшесіне композитор Еркеғали Рахмадиевтің аты, Е357 көшесіне хирург, медицина ғылымдарының профессоры, академик Ескендір Сызғановтың есімі, Е577 көшесіне жазушы Хамза Есенжановтың есімін беру ұсынылды», деді Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәслихат отырысында

Сонымен қатар Е579 көшесіне мемлекет және саясат қайраткері Қайреден Қарбаевтың есімін, Е580 көшесіне мемлекет қайраткері Сабыр Ниязбековтің есімін, Е607 көшесіне Қазақстанның халық әртісі, көрнекті мәдениет қайраткері Құман Тастанбековтің есімін беру ұсынылып отыр. Сондай-ақ  Е 608. көшесі қазақ, кеңес актрисасы, ұстаз Шолпан Жандарбекованың есімімен аталады.

«Е757 көшесіне көрнекті жазушы, әдебиеттанушы, филолог Ақселеу Сейдімбектің, Е758 көшесіне – Шейх Заид ибн Халифа Әл Нахаянның, Е889 көшесіне – көрнекті қоғам қайраткері, публицист, заңгер Барлыбек Сыртановтың есімін беру ұсынылды. Е890 көшесіне – тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Ермұхан Бекмахановтың есімі және Е898 көшесіне филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы Тұрсынбек Кәкішевтің есімі берілді», деді С. Есіркеп.