Қоғам • 18 Қараша, 2022

Жүрегіне иман ұялаған кәсіпкер

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір қалада да, далада да не көп, жекеменшік дүкен көп. Бұл бір жағынан тұтынушыларға да жақсы, қалаған жеріне бас сұғып, керекті заттарын ала қояды.

Жүрегіне иман ұялаған кәсіпкер

...Қараша айының бас кезі, қасиетті жұма күні еді. Таңертең азық-түлік заттарын алмақ болып Шымқаладағы «Арман» азық-түлік дүкеніне келгенбіз. Пайдалануға берілгеніне көп бола қоймаған сауда орнында Атабек Ибрагимов деген кәсіпкер жігіттің отбасымен қызмет ететінін бұрыннан да білетінбіз. Азанғы абыр-сабыр уақыт, келушілердің де қарасы көп. Қажетті заттарымызды алып, ақшамызды төлемек болып кассаның алдына кезекке тұрдық.

– Апай, алған басқа заттарыңызды есептедім, ал бөлке нандарды, бүгін күн қасиетті жұма ғой, соның құрметіне тегін аласыз, – деді сатушы алдына келген кейуанаға.

Мына сөзді естіген жұрт елең ете қалды. Бір-біріне күлімсірей қарасып, кәсіпкер жігітке алғыс айтып, ризашылықтарын білдіріп жатты.

Ойламаған жерден тосын жайға куә болған біз кәсіпкерді сөзге тарттық. Сұрастыра келе білгеніміз, жүрегіне иман ұялаған кәсіпкер жігіт қолдан келгенінше мұқтаж жандарға әркез қолұшын созып тұратын көрінеді. Қасиетті жұма күні тұтынушыларға тегін бөлке нан таратқанына өзіміз куә болдық. Өркені өссін, азаматтың.

Жүректерге иман ұялағанға не жетсін дедік біз де іштей.

 

Кәрібай ӘМЗЕҰЛЫ,

еңбек ардагері, зейнеткер

 

ШЫМКЕНТ