Оқиға • 18 Қараша, 2022

Қырғызстанда жер сілкінді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісімен сағат 08:11-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Қырғызстанда жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 513 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.3. MPV магнитудасы - 4,6. Эпицентр координаттары 39,52° солтүстік 73,22° шығыс. Тереңдігі 5 - км.

Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелген жоқ.