Қоғам • 18 Қараша, 2022

Шетелге ұшатын жолаушыларды тіркеу уақыты өзгерді

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әуежайынан шетелге ұшатын жолаушыларды тіркеу  бұдан былай әуе кемесі ұшқанға дейін екі сағат бұрын басталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелге ұшатын жолаушыларды тіркеу уақыты өзгерді

«Қазақстан әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес, ұшатын жолаушыларды тіркеу бұдан былай халықаралық рейстерде әуе кемесі ұшқанға дейін (әуе кемесіне және жолаушылар санына байланысты) екі сағат бұрын басталады. Бұрын тіркеу ұшудан үш сағат бұрын басталатын», делінген хабарламада.

Ал ішкі бағыттар бойынша рейстерге ұшуды тіркеу уақыты өзгеріссіз қалады, яғни тіркеу 1,5 сағат бұрын басталады.