Аймақтар • 18 Қараша, 2022

Алматыда құтқарушыларға арналған мурал пайда болды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде құтқарушылар бейнеленген мурал пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда құтқарушыларға арналған мурал пайда болды

Мурал «Айнабұлақ» шағын ауданындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетіне салынған.

«Құтқарушылар әрқашан алдыңғы қатарда, өз өмірлерін қатерге тігеді. Сондықтан да ел құрметіне бөленген мамандық. Қабырғада кішкентай қызды жалыннан алып шыққан өрт сөндіруші – құтқарушы бейнеленген. Айта кету керек, ұқсас бейнелер, мүсіндер Төтенше жағдайларды жоюға да олардың алдын алуға да қатысқан барлық құтқарушылардың ұжымдық бейнесі», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Муралда ТЖ болған жағдайда хабарласу қажет «112» номері де бейнеленген. Тақырыптық мурал халық арасында өрт-профилактикалық жұмыс аясында Жетісу ауданы әкімі аппаратының қолдауымен және аудандық Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп салынған. Бүгінгі күні Төтенше жағдайлар департаментінде Өрт сөндіруші-құтқарушылар мен жүргізушілердің 230-дан астам бос орны бар. Сондықтан жастарды азаматтық қорғау органдарына қызметкерлер қатарына тарту мәселесі өзекті болып отыр.