«18 қарашада Алматы-Екатеринбург тас жолында 21 жастағы ВАЗ-21015 жеңіл автокөлігінің жүргізушісі Балқаш қаласына қарай жүріп келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 45 жастағы жүргізушінің MAN фурасына соғылған. Соққыдан жеңіл автомобиль кюветке құлады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-21015 жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қайтыс болды», делінген полиция хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.