Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,29 теңге (-0,14) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 475,67 теңге деп белгіледі.
Сондай-ақ рубльмен сауда болған жоқ. Кешегі саудада Ресей рублінің орташа бағамы 7,58 теңге болды. Ұлттық банктің бағамы – 7,61 теңге.
Ақша айырбастау орындарында доллар 462-466 теңге, еуро 472-477 теңге, ресей рублі 7,27-7,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Сондай-ақ әлемдік мұнай бағасы көтерілді. Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,7%-ға өсіп, барреліне 90,42 доллар болды.
АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстері 0,9%-ға өсіп, 82,39 долларға жетті.