Елорда • 18 Қараша, 2022

Астанада екі мыңнан астам жол жұмысшы қар күреуге шықты

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Өткен түнде қаладан 7 мың текше метрден астам қар жиналып, шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада екі мыңнан астам жол жұмысшы қар күреуге шықты

Бүгін қала көшелерінде қар мен мұзды күреуге 2 100-ден астам жол жұмысшысы шықты, мыңға жуық мамандандырылған техника жұмылдырылды.

17 қарашадан 18-іне қараған түні елордадан 7 мың текше метрден астам қар шығарылды, ал қар полигондарына 600-ге жуық рейс жасалды. Қыс мезгілі басталғалы бері барлығы 115 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 8 591 ауыр жүкті құрайды.