Аймақтар • 18 Қараша, 2022

Семей тұрғынынан кептірілген марихуана тәркіленді

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қалалық Полиция басқармасының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері «РЕФЛЕКС» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Семей қаласының тұрғынынан кептірілген марихуана есірткі заттарын өткізу фактісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Семей тұрғынынан кептірілген марихуана тәркіленді

27 жастағы жас жігітке тиесілі автокөлік құралын жедел тінту барысында жалпы салмағы 13,23 грамм болатын кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Бұдан бөлек, ұсталған адамның пәтерін тінту барысында салмағы 7.95 грамм кептірілген марихуана есірткі заты бар полимерлі пакет тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ол бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.