Оқиға • 19 Қараша, 2022

Ақмолада мектеп қазандығы жарылып, 1 адам көз жұмды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Аршалы кентінде мектеп қазандығы жарылып, салдарынан зардап шеккен үш адамның бірі қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмолада мектеп қазандығы жарылып, 1 адам көз жұмды

Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 55 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салды. Алайда, түрлі деңгейдегі дене күйігі мен жарақаттардан науқас реанимация шаралары кезінде көз жұмған.

«Сағат 23.00-дегі диагнозы: «Қосарланған политравма. Басы, денесі және оң жақ қолының, аяғының 2-3А дәрежелі термиялық күйігі. Тыныс алу жолдарының күйігі. Сол жақ аяқ табанның 3-4-5 сүйектерінің ашық сынығы. Сол жақ жіліншіктің асық жілігінің проксималды метаэпифизінің орнынан ауытқусыз жабық сынығы. Сол аяқтың қысылу синдромы. Бас-сүйек миының жабық жарақаты. Мидың соққы алуы. Төбе сүйегінің сол жақ бөлігінің жарақаты. 3-дәрежелі травмалық шок. Жағдайы аса ауыр», делінген мәлімдемеде.