18 қараша күні Ұлттық ұланның астаналық әскери қалашығында 2-2021 жылғы шақырылым сарбаздарын құрметтеу кеші өтті.
Әрбір сарбаздың әскери істі меңгеруінде, нағыз Отан қорғаушы боп қалыптасуына ықпал еткен үлкен-кіші командирлерге, жыл бойы қолдау танытқан ата-ана, жақындарына да алғыс білдірді.
Шара барысында сарбаздарға өз батальондары туралы әдемі бейнероликтер, қызмет жолдары мен демалыс уақытындағы қуанышты сәттері таспаланған естелік сюжеттер көрсетілді.