Сайлау • 20 Қараша, 2022

Азаматтық борышымды өтеуге келдім – Нұрлан Әуесбаев

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев президент сайлауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтық борышымды өтеуге келдім – Нұрлан Әуесбаев

«Көңіл-күй өте жақсы. Бүгін мен өз сайлау учаскеме азаматтық борышымды өтеуге, дауыс беруге келдім», деді ол журналистерге.

Бұған дейін оның «Наз» мемлекеттік би театрында құрылған №189 сайлау учаскесінде дауыс бергені хабарланған болатын. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат дауыс беруге сайлауалды штабының жетекшісімен бірге келді.