Сайлау • 20 Қараша, 2022

Қорғаныс министрі Президент сайлауында дауыс берді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қорғаныс министрі Президент сайлауында дауыс берді

Қорғаныс министрі ең маңызды қоғамдық-саяси оқиға – Президент сайлауына қатысу – барлық қазақстандықтардың азаматтық міндеті екенін атап өтті.

– Қазіргі уақытта әскери бөлімдер мен мекемелер аумағындағы 20 сайлау учаскесінде мерзімді қызметтегі сарбаздар мен курсанттар дауыс беріп жатыр. Қарулы күштерден барлығы 130 мыңға жуық әскери қызметші, азаматтық персонал және олардың отбасы мүшелері дауыс беруге қатысуда, – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Сайлау – қазіргі демократиялық мемлекеттің маңызды институты. Бұл процесте елдің әскери қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды міндетін орындайтын әр әскери қызметшінің дауыс беруі маңызды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35